просп. Абая 8, Алматы 050010
+7(727)262-25-46
agrodamu@kaznau.kz

«Жаһандық климаттың жылынуын ескере отырып Қазақстанның оңтүстік-шығысында жем-шөп базасын құру» және «Жемге деген қажеттілікті есептеу»

           Ағымдағы жылдың тамыз айының 26-жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы арасында 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шеңберінде қол қойылған шартына сәйкес, «Агро-Даму» басқармасының ұйымдастырумен өтіп жатқан оқыту семинарларының кезекті саны, Мал азығын өндіру және жем-шөп дайындау бағыты бойынша Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округындағы Білімді дамыту орталығында өтті. Бұл жолғы семинар екі түрлі тақырыпты қамтыды. Атап айтқанда, «Климаттың жаһандық жылынуын ескере отырып, Қазақстанның оңтүстік-шығысында жем-шөп базасын құру» тақырыбында ҚР ҰҒА академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Кененбаев Серік Барменбекұлы жүргізсе, «Жем-шөпке қажеттілікті есептеу» тақырыбында ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Сырлыбаев Ғалым Омарұлы өз дәрісін баяндап, қатысушыларды тақырыпқа байланысты презентациясымен таныстырды.

                  

       Күннің екінші жартысында, дәстүр бойынша, семинардың тәжірибе алмасу бөлімі «Жетісу» әлеуметтік өндірістік корпорациясында жалғасын тапты.

       Мал шаруашылығы – еліміздегі агроөнеркәсіптік кешеннің басты салаларының бірі болғандықтан, осы саланы дамыту мәселелері және мал шаруашылығын тұрақты түрде жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері қамтылған семинарға, шамамен 30-ға жуық шаруа қожалықтарынан келген кәсіпкерлер және сала қызметкерлері қатысты. Тақырыпқа сай түрлі сұрақтарға жауап алып, мәлімет алмасқан жұртшылық семинар соңында ұйымдастырушылар тарапынан табысталған сертификаттарын алып, бірлескен фото жасады.

                             

 

error: Content is protected !!
Открыть чат
Вам помочь?
Сәлеметсіз бе!
Сізге қандай көмек керек?
Здравствуйте!
Чем вам помочь?