просп. Абая 8, Алматы 050010
+7(727)262-25-46
agrodamu@kaznau.kz

«Ауылшаруашылық құстарды азықтандыру мен сақтаудың ерекшеліктері»

       Ағымдағы жылдың тамыз айының 23-жұлдызында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы арасында 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шеңберінде қол қойылған шартына сәйкес Алматы облысы, Қарасай ауданы, Мерей ауылының Үшқоңыр оқу орталығында «Ауылшаруашылық құстарды азықтандыру мен сақтаудың ерекшеліктері» атты оқыту семинары өтті. Семинарды аграрлық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Құсайынова Жанар Әбікенқызы жүргізді. Жалпы семинардың мақсаты, қатысушыларды құс шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялардың тиімділігімен таныстырып, сонымен қатар саланы дамыту жолындағы түрлі артықшылықтарды атап өту болды.

       Оқыту семинарының тәжірибелік бөлімі Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округындағы, «Алель Агро» акционерлік қоғамының филиалында бройлер құстарын өсіру жолдарын қарастыру мақсатында өтті. Еліміздің құс өсіру саласында технология жақсы дамығанымен, асыл тұқымды құстардың сирек кездесетіні белгілі. Семинарға қатысушылар алдағы уақытта осы мәселені қолға алуды алдарына мақсат етіп қойып және құс шаруашылығындағы басқа да өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

       Семинар соңында қатысушыларға «Ауылшаруашылық құстарды азықтандыру мен сақтаудың ерекшеліктері» тақырыбында өткен семинардың теориялық және практикалық бөліміне қатысқанын  растайтын сертификаттар табыс етілді.

 

                         

 

error: Content is protected !!
Открыть чат
Вам помочь?
Сәлеметсіз бе!
Сізге қандай көмек керек?
Здравствуйте!
Чем вам помочь?