просп. Абая 8, Алматы 050010
+7(727)262-25-46
agrodamu@kaznau.kz

«Қазақстан жағдайы үшін қолайлы, жаңа бау-бақша дақылдары»

     «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ және ҚР Ауылшаруашылық министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАқ арасында 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шеңберінде қол қойылған шарт негізінде, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агродаму басқармасының ұйымдастыруымен өтетін оқыту-вебинарлары өз кезегінде басталып кетті. Алғашқы оқыту-вебинары « Қазақстан жағдайы үшін қолайлы, жаңа бау-бақша дақылдары» деген атпен, университетіміздің профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Николаевич Сергей Олейченконың басшылығымен өтті. Қалыпты бақша дақылдарының түр-түріне жеке тоқталып, жеміс ағаштарын өсірудің бірнеше процестерін де атап өтті. Бағбандардың бау-бақша дақылдарын өсірудегі жұмыстарымен де таныстырды. Түрлі мәліметтермен қамтылған, өте қызықты өткен вебинар бірнеше сағатқа созылды.

                                 

error: Content is protected !!
Открыть чат
Вам помочь?
Сәлеметсіз бе!
Сізге қандай көмек керек?
Здравствуйте!
Чем вам помочь?