просп. Абая 8, Алматы 050010
+7(727)262-25-46
agrodamu@kaznau.kz

Атырауская область

Атырауская область

Заявки:

Экологиялық мәселелер – сортаң топырақты тұзсыздандыру, құнарлылығын арттыру; Атырау облысының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып көгал шөбін, бұта тектес ағаштар, декоративтік өсімдіктерді жерсіндіру үшін питомниктер ұйымдастыру; облыс деңгейіндегі өндіріс орындарының (мұнай, газ, әскерилердің пайдалануындары полигон аумақтары) экологияға әсері; өндірісі тоқтатылған (концервациядағы не мүлдем жабылған) мұнай ұңғымалар аумағын биологиялық жолмен деактивациялау

Биотехнология саласы бойынша – ешкі сүтін өңдеу технологиясы, ұнтақ шұбат өндіру, түйе сүтін консервілеу технологиясы, балалар тағамы

Ветеринария саласындағы мәселелер – жұқпалы аурулардың (бруцеллез, туберкулез, сібір жарасы, надулярлы дерматит және т.б.) алдын алу жұмыстары; сібір жарасы қорымдарын мониторингісі; халыққа ауыл шаруашылық жануарларының аурулары туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру; ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру кезіндегі биологиялық-санитарлық қауіпсіздік және өнім өңдеу технологияларының трансферті. Зарарсыздандыру препараттарын өндіру бойынша цех ашу.

Балық шаруашылығы – қоршауда балық өсіру мәселелері; Каспий теңізінде жасанды тоғандар ұйымдастыру; Жайық өзені салаларында жасанды тоғандарға балық жіберу; тауарлы балық тұқымдарын жерсіндіру; балық өнімдерін өңдеу технологиялары

Ауыл шаруашылық саласындадағы мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері – аталған салада жұмыс атқаратын (әкімдіктердегі, жеке шаруа қожалықтарындағы және ауыл шаруашылық өнімін өндіруші кәсіорындардағы) жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, шаруашылыққа қажетті мамандықтарға қайта оқыту, саладағы шешімі күрделі мәселелрді бірлесе шешу мақсатында дөңгелек кездесулер ұйымдастыру, кеңестік-консалтингтік қызметтер көрсету

error: Content is protected !!
Открыть чат
Вам помочь?
Сәлеметсіз бе!
Сізге қандай көмек керек?
Здравствуйте!
Чем вам помочь?