просп. Абая 8, Алматы 050010
+7(727)262-25-46
agrodamu@kaznau.kz

«Ақтөбе облысында АӨК дамытудағы инновациялық технологиялар трансферті»

Құрметті достар!

2021 жылдың 24 маусымында Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Агро-Даму» басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп «Ақтөбе облысында АӨК дамытудағы инновациялық технологиялар трансферті» тақырыбында “Фермер сағаты” атты кезекті онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Онда аталған облыстың ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелер және жеке шаруашылықтар мен ірі кәсіпорындарды дамытуда жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Онлайн дөңгелек үстелдің модераторы ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Исламов Есенбай Исраилович.

Онлайн-дөңгелек үстелге қатысушылар: Ақтөбе қаласы, Алға, Қарғалы, Хромтау, Мартук, Әйтеке би аудандары әкімдігінің және шаруа қожалықтарының өкілдері. Сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті тарапынан АШҒА академигі, а.ш.ғ.д. профессор Омбаев Әбдірахман Молданазарұлы, ҚР ҰҒА академигі, а.-ш.ғ.д. профессор Қалдыбаев Сағынбай Қалдыбайұлы, ҚР ҰҒА академигі, а.-ш.ғ.д. профессор Айтбаев Теміржан Ерқасынұлы, ҚР ҰҒА академигі, а.ш.ғ.д. профессор Кененбаев Серік Барменбекұлы, а.-ш.ғ.д., профессор Атақұлов Тастанбек Атақұлұлы, а.-ш.ғ.д., профессор Олейченко Сергей Николаевич, а.-ш.ғ.д., профессор Оспанов Абдыманап Абубакирович,  т.ғ.д., профессор Калыбекова Есенкул Мырзагелдиевна, в.ғ.д., профессор Касымов Еркін Игенбаевич және т.б. бастаған университет ғалымдары.

Алғашқы сөз Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысы Сәрсембай Құсайын Іскендірұлына берілді. Құсайын Іскендірұлы Ақтөбе облысы ауылшаруашылығы саласының жалпы жағдайы, өзекті проблемалары жайлы айтты.

Онлайн-дөңгелек үстелге жалпы 150 адамдай қатысты. Сол сағатқа келіп түскен онлайн сұрақтарға университет ғалымдары жауап берді. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Оспанов Абдыманап Абубакирович Ақтөбе қаласы, «Айс плюс» ЖШС директоры Ищанов Қуаныш Амангалиевич тарапынан қойылған ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясын дамыту жайлы қойылған бейне-сұраққа  жауап берді.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, «Абылай» ШҚ жетекшісі Кусупов Кыдырбай, бруцеллёзге кандай тиімді вакцина бар, және малы егілген ШҚ неге үш жылға дейін малын сатуга тыйым салынады?-деген бейне-сұраққа в.ғ.д., профессор, Касымов Еркін Игенбаевич жауап берді.

АШҒА академигі, а.ш.ғ.д. профессор, Атакулов Тастанбек Атакулович, Ақтөбе қаласы, «Еламан 2014» ЖШС жетекшісі Альжанов Миржан тарапынан қойылған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі жаңа технологиялар жайындағы бейне-сұраққа жауап берді.

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданынан картоп дақылында кездесетін аурулар және олармен күресу жолдары жайлы бейне-сұраққа ҚР ҰҒА академигі, а.ш.ғ.д. профессор Айтбаев Теміржан Ерқасұлы жауап берді.

«Ақтөбе облысында АӨК дамытудағы инновациялық технологиялар трансферті» тақырыбында “Фермер сағаты” атты  онлайн дөңгелек үстел ауыл шаруашылығында өзекті мәселелерді шешу және жеке шаруашылықтар мен ірі кәсіпорындарды дамытуда жаңа технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу, диалог өткізу үшін жақсы алаң болды.

Біз онлайн дөңгелек үстелге белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін Ақтөбе облысының ауыл кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ризашылығымызды білдіреміз.

 

 

 

Открыть чат
Вам помочь?
Сәлеметсіз бе!
Сізге қандай көмек керек?
Здравствуйте!
Чем вам помочь?