просп. Абая 8, Алматы 050010
+7(727)262-09-32
agrodamu@kaznau.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы ветеринария саласының жай-күйі, өзекті мәселелері және шешу жолдары

Солтүстіктегі әріптестермен байланыс

2021 жылдың 29 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Агро-Даму» басқармасының ұйымдастыруымен «Солтүстік Қазақстан облысындағы ветеринария саласының жай-күйі, өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындағы «Фермер сағаты» кезекті онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Онда ветеринария саласының өзекті мәселелері және жеке шаруашылықтар мен ірі кәсіпорындарды жай-күйі талқыланды.

Онлайн дөңгелек үстелдің модераторы ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Исламов Есенбай Исраилұлы болды.

Онлайн-дөңгелек үстелге Айыртау, Аққайың, Ақжар, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғ.Мүсірепов, Тайыншы, Тимирязев, Уәлиханов және Шал ақын аудандары ветеринарлық станциясы және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.Сондай-ақ в.ғ.д., профессор Асанов Ныгмет Гатауович, в.ғ.д., профессор Ильгекбаева Гульназ Дуйсековна, в.ғ.д., профессор Киркимбаева Жумагуль Слямбековна, в.ғ.д., профессор Әбутәліп Әспен Әбутәліпұлы, в.ғ.д., профессор Айтжанов Батырбек Досходжаевич және т.б. университет ғалымдары қатысты. Алғашқы сөзді Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасы басшысы Альжанов Берик Акылжановичке берілді. Берик Акылжанович Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария саласының жалпы жағдайы, өзекті проблемалары жайлы айтты.Онлайн-дөңгелек үстелге жалпы 50 адамдай қатысты. Сол сағатқа келіп түскен онлайн сұрақтарға университет ғалымдары жауап берді.

Айыртау, Шал ақын аудандарынан және Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасынан түскен сұрақтарға ірі қара мал төлінің аурулары, олардың алдын алу, лептоспироз, диагностикасы, алдын алу туралы сұрақтар бойынша «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі Киркимбаева Жумагуль Слямбековнаға берді. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданнан паратуберкулез, эхиноккоз-заманауи емдеу және алдын-алу әдістері туралы сұрақтар келіп түсті. Бұл сұраққа в.ғ.д., профессор Асанов Ныгмет Гатауович жауап берді.

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, в.ғ.д. Ильгекбаева Гульназ Дуйсековна импорттық малдың вирустық ауруларын диагностикалау және алдын-алу бейне сұраққа жауап берді.

Ақжар ауданынан келесідей сұрақ келіп түсті. Пироплазмидоздар-диагностиканың, емдеудің, алдын алудың жаңа әдістері, бұл сұраққа «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауым. профессоры, б.ғ.к., Ахметова Гульнази Даулетхановна жауап жауап берді.

Жануарлардың бруцеллезі, вакцинация профилактиканың негізі ма? – деген Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасынан түскен бейне сұраққа «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, в.ғ.д., Әбутәліп Әспен Әбутәліпұлы жауап берді.

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының қауым. профессоры, в.ғ.к. Барахов Бахыт Бейсенбайұлы жануарлардың аса қауіпті аурулары шыққан кезде үй-жайларды дезинфекциялауға арналған құралдар туралы сұраққа жауап берді.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы ветеринария саласының жай-күйі, өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында “Фермер сағаты” атты онлайн дөңгелек үстел ветеринария саласының өзекті мәселелері және жеке шаруашылықтар мен ірі кәсіпорындарды жай-күйі талқылауға, тәжірибе алмасуға, диалог өткізу үшін жақсы алаң болды.

Біз онлайн дөңгелек үстелге белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ризашылығымызды білдіреміз.

Открыть чат
Вам помочь?
Сәлеметсіз бе!
Сізге қандай көмек керек?
Здравствуйте!
Чем вам помочь?